Мұрат Әуезовтің тұлға боп қалыптасуына әке абыройы әсер етті ме?

Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған кезде Жоғары Кеңесте депутат болған Мұрат Әуезов тарихи сәт туралы қандай естеліктер айтты? Қытайда 4 жылдай елші болған дипломат сол елдің мұрағаттарынан біздің төл тарихымызға қатысты қандай маңызды дүниелер тапты? Қазақ киносында қолтаңбасы бар қаламгердің қазіргі жас буын жайында пікірі қандай? Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен «Еркін сұхбат».