Түркияда болған жер сілкінісінен Қазақстан қандай сабақ алды?

Апат айтып келмейді. Түркияда болған жер сілкінісінен Қазақстан қандай сабақ алды? «Алматыда жер сілкінсе құрылыс нысандарының 30 пайызы қирап қалуы мүмкін», - деген болжам айтылады. Бұл ақпарат шындыққа жанаса ма?

Сан түрлі сауалға сейсмолог, инженер-құрылысшы, техника ғылымдарының докторы, профессор Таңатқан Абақанов жауап берді.