Мыс пен Қола. Құрамы мен тұрмыстағы пайдасы
Тас дәуірінің орнын біртіндеп қола дәуірі басты. Алғашқы адамның жабайы табиғатпен күресу үшін пайдаланған, қолапайсыз тас құралдары өткеннің еншісінде қалды. Адам мысты өндіріп, балқытуды үйренді. Одан кейін кезек қолаға келді.
Кәсіп түрлері дами бастады, осы металдардан жасалған қару-жарақ, ыдыс-аяқ пен әшекейлер пайда болды.
Жүздеген жылдардың ішінде, адам металдарды балғамен соқты, балқытты, құйды немесе қорғасын, күміс, мырыш, қалайы сияқты өзге металдармен араластырып көрді. Сөйтіп жүріп, ақыры оны өңдеп, пайдаланудың әдістерін меңгеріп алды.
Қиял мен шығармашылыққа ерік беретін кеңістік ашылды.