Мысырды билеген қыпшақ - Сұлтан Бейбарыс

Бүгінде даңқы әлемге әйгілі тарихи тұлға, Мысырда билік құрған Бейбарыс сұлтанның есімін естімеген адам жоқ шығар. Ол ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қолбасшы болған.Оның билік басында талай жауды талқандап, елінің әл-ауқатын көтергені туралы қаншама еңбектер жазылған. Жастайынан жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мәмлүк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана Бейбарыс деген есіммен атамекеніне оралды. Дәл осы жеті ғасыр бұрын Бейбарыс сұлтан негізін қалаған Мысыр мен Ұлы даланың байланысы әлі де жалғасуда.