«Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл

«Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл

Биыл еліміздегі ең көне медиаресурстардың бірі - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл. Агенттік ғасырдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігі туралы сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде мүлтіксіз еңбек етіп келеді.

1920 жылы алғашқы қазақ ақпарат агенттігі РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды.агенттік тарихы ХХ ғасырдың 20-жылдары бастау алса да, күні бүгінге дейін қоғамдық пікірді қалыптастырып, ел мен әлем жаңалықтарын халыққа жеткізу үстінде.

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі жайлы тағы біз білмейтін қандай тың дерек бар? Жауапкершілік, ізденіс, сапа, кәсібилік. Бұл агенттік тарихы ғана емес, бұл біздің тарих! Жіберіп алмаңыз!