Шәкен Айманов: «Кино дәуірі»

1933 жылдың күзінде Алматының теміржол вокзалына Семейден пойыз келіп тоқтайды. Пойыздың пласкарт вагонында үлкен қаланың арманының жетегінді бір жас жігіт келеді. Түні бойы Алматы қалай қабылдар екен? Ұжым қалай қарсы алады? Режиссер маған көз қиығын салама деген ойлардан дөңбекшіп шыққан оның көңілі күпті еді. Таңға жуық көзі ілініп кетіпті, кондутордың саңқылдаған даусынан ұшып түре келді. Жалма жан жерге сырғып түскен ол етігін таппай қалады. Кеше ғана бұрышқа қойған етігі ізім қайым жоқ. Сөйтсе бір қулар етікті қолды қылып кетіпті.... Алматыға жалаңаяқ жеткен бұл жігіттің қазақ мәдениетіне, оның театр өнері, кинематографиясында қалдырған ізі өшпестей болып қалды. Ел оның есімін Қазақстанда ғана емес, одан тысқары жерлдерде де таныды. Оның фильмдері Кеңестік және Қазақ киносының Алтын қорына еніп талай жас режиссер іздеп көретін, үлгі алатын классикаға айналды. Халық бұл жігітті уақыт өте келе қазақ киносының негізін салушы Шәкен Айманов деп таниды .