Нағима Плохих: Қатерлі ісікті жеңіп шықтым
Нағима Жұмашқызы теледидар, радиоэфирлеріне алғаш шығып жүрген кездерінде, көпшілік оған қоңырау шалып, тек бір ғана сұрақ мазалайтынын айтады:
«Қатерлік ісікті жеңгеніңіз рас па?» - деген.
Ал Нағима рас екенін айтып, сол дертті өз басынан өткізіп, оны жеңіп шыққанын баяндап береді екен. Бірақ Нағима рас деп сендіруден алдын, бұл дертті жеңу үшін қаншама еңбек еткенін, бар күшін аянбай салғанын және үлкен қолдау керек екенін міндетті түрде ескертеді. Адами қолдаудың маңызының үлкен екенін жеткізеді.
2003 жылы Нағима Плохих «Салауатты Азия» деп аталатын қор құрады. Ол еліміздегі обыр дертінің мәселесін көтерген алғашқы қор екен. Алдымен қор жұмысын сүт безі мен жатыр мойнындағы қатерлі ісіктен бастаған.
«Неге біз осы күнге дейін маммография жасауды скрининг бағдарламасына кіргізбегенбіз? Елімізде неге сегіз-ақ маммограф бар?» деген сан соқтырған сауалдар оны мазалап, сол мәселелерді шешудің жолын қарастырып, іздене бастайды.
Нағима Жұмашқызының медицина саласындағы жетістіктері, қатерлі ісікті жеңіп шығуы, тағдыры мен бүгінгі жұмыстыра туралы толығырақ бағдарлама барысында көре аласыздар.