Нақты сектор 2020 жылы ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының факторы болды
2020 жылы нақты сектордың өсуі Қазақстан экономикасының драйверіне айналды. Өсім 2 процентті құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды. Соңғысының арқасында қазақстандық экономика құрылымында сапалы өзгеріс болғанын айта кеткен жөн.
2020 жылы өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеудің үлесі 10 процентке дейін өсті. Сонымен қатар, жалпы жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының екі есе өсімі байқалады.
Айта кетейік, өткен жылы сыртқы сауда айналымы шамамен 78 млрд долларды құрады. Отандық компаниялар 43 млрд доллардан астам өнім экспорттады. Негізгі капиталға 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева