Наурыз. Төрлет, жаңа күн

Ұлыстың ұлы күніне арналған арнайы шығарылым. Наурыз мейрамы жайлы естеліктер айтылып, мұрағаттағы бейнематериалдар көрсетіледі. Эфир барысында шаттықтың күйі шертіліп, халық әндері шырқалады. Төл өнер тоғысқан кешке ат терлетіп жеткен қадірлі меймандарымыз қонақкәдесін ұсынады.