Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл!

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Шәкен Аймановқа биыл 110 жыл. Айманов қазақ кино саласына жаңалық әкелген алғашқы қазақ режиссері. Ірі тұлғаның туындылары өзіндік ерекшелігін әлі күнге дейін жойған емес. Атаулы күнге арналған эфирде киногердің көзін көрген талант иелері бас қосып, ыстық естеліктерімен бөліседі. Кеш барысында киногер таспалаған фильмдердегі әдемі әндер шырқалады.