Біржан Хасанғалиев: Әкеме арнап 3 жыл кітап жаздым
Биыл музыка майталманы Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толып отыр. Композитордың әндері жүрегімізге үнемі жылу сыйлап, рухымызды көтереді. Әрбір әуені, әр композициясы – біз үшін баға жетпес қазына болып қала бермек.
«Төрлетіңіз!» бағдарламасының төріне біртуар тұлғаның отбасы, достары мен өнердегі әріптестері жиналды.
Біржан Хасанғалиевтің үш жыл бойы жазған кітабында әкесі туралы қандай сыр ақтарылады? «Бозторғай» әнінің тарихы? Жазылу себебі?
Ескендір Хасанғалиевтің жатақханадағы өмірі қалай өтті? Созақта әнші «Атамекен» әнін неге үш рет орындады? «Егіз қозыдай болдық» деген Өтеген Ғұбайдуллин қызықты сәттерімен бөлісті.
Құдайберген Бекіш композитор әнінің арқасында Түркияға тегін барып келгені рас па?
Тау тұлғаның Қазақ
радиосындағы еңбек жолы қалай өрбіді? Әріптестері мен замандастары Ескендір
Хасанғалиев жайлы жарқын естеліктерімен бөлісті.

