Желіні жарған жанұялар

Желіні жарған жанұялар

«Төрлетіңіз» бағдарламасының кезекті шығарылымы желіде жұлдызға айналған отбасыларға арналады. Бағдарламада қонақтар үлгілі отбасы ғана емес, қызықты контенттерімен бақытты жанұя болудың қыр-сырымен бөліседі. Кейіпкерлердің бірі – көпбалалы ана, біраз жылдық тәжірибесі бар жұп болса, екіншісі - жаңа өмірге енді ғана қол ұстасып қадам басқан жас отбасы. Қазақ тілді контенттері арқылы отбасылық құндылықты дәріптейтін жұптар – шаңырақта ғана емес, кез келген дүниеде «екі жарты-бір бүтін» болғанда ғана отбасы мықты болатынын жеткізеді.