The Independent: Қазақстан Батыстың ең маңызды одақтасы бола алады

The Independent: Қазақстан Батыстың ең маңызды одақтасы бола алады

Батыс елдері Қазақстанның қазіргі өтпелі кезеңін құптап, қолдауы керек. Бұл пікірді британдық «The Independent» басылымында экономист және саясаттанушы Владислав Иноземцев жазды.

Владислав Иноземцев, саясаттанушы:

- Қазақстан әрқашан үлкен әлеуметтік сілкіністерден кейін келетін ірі экономикалық және саяси реформалардың алдында тұр. Даму экономикасын зерттеуге көп жылдар жұмсаған ғалым ретінде айтарым, Қазақстанның жолы Шығыс Азияның «классикалық» тәжірибесін, атап айтқанда Оңтүстік Корея, Тайвань, Индонезия және Қытайдағы модернизацияны еске түсіреді. Батыс әлеміне Ресей, Қытаймен шектесетін аймақта одақтас керек деп есептеймін. Батыс елдері Қазақстанға орнығудың тарихи мүмкіндігін жіберіп алмаулары керек. Өйткені бұл посткеңестік кеңістіктің ең серпінді және геосаяси маңызды бөлігі.

Авторы: Әсел Күшенғалиева