Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық құрылысы
Қалалардың пайда болуы орналасқан жердің тарихи ерекшелігіне байланысты. Нұр‑сұлтан қаласы ел Президентінің еркімен дамып келе жатқан мегаполистің ірі жобасы болып саналады. Ол бірнеше мәрте өзінің жоғары деңгейін дәлелдеп те үлгерді. Өркениеттің жаңаруы мен жаңғыру деңгейіне сәйкес болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы әлемдік тәжірибеден үлес алуы керек. Ол өзгерістердің ауқымдылығы бүкіл елді бір қалыпта ұстап, астанамыздан кішірек қалалардың сәтті реформасына айналуы да ғажап емес.
Кеңестік кезді, тың игерудің қиындығын кешкен қала соңғы 20 жыл ішінде жаңа, заманауи мекенге, ауқымды жобаға, бәсекеге қабілетті ордаға айналды. «Бәйтерек» жобасының өзі жақсылықтың жамандықты тегінде жеңіп шығатыны жайлы сыр шертетін концепциясымен ерекше. Биіктігінің өзі кездейсоқ желеумен жасалмаған, барлығы да тарихтың тереңдігінен сыр шертіп, кешегі мен бүгінгінің мағынасын бір арнаға тоғыстырады.
Аталмыш жобаның авторы – Қазақстан сәулетшілер одағының қазіргі төрағасы Ақмырза Рүстембеков. Оның батыл бастамасымен металқұрылымның 1 киллотоннасы 22 метрлік шыны шарды өз құшағына сыйдырып тұруы керек.