Нұрлан мен Мұрат дуэті неліктен екіге бөлінді?
Ғасырлар тоғысында қазақ эстрадасындағы хит шерулерден түспеген, әндері ғана емес, образ-стильдері естен әлі кетпеген, 2000-шы жылдарда қазақ эстрадасында өзіндік дара жол салып, атақтары аспандаған, қарт Каспийдің жағасында танысып, Алатаудың баурайында дуэт болып құрылған Нұрлан мен Мұрат бүгінде Сарыарқаның төрінде «Jibek Joly» арнасында бас қосты. «Жақсы адамдарым» бағдарламасында Нұрлан мен Мұрат дуэті.

