Нью-Йорк кино өнеракадемиясы мен Алматы Менеджмент Университеті ынтымақтастық орнатты

Нью-Йорк кино өнер академиясы қазақстандық студенттерге шығармашылық мамандықтарды оқытатын болады. «Дара» Президенттік бастамалар қоры мен NYFA білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстан мен АҚШ университеттері – Алматы Менеджмент Университеті мен Нью-Йорк кино өнері академиясы арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа бастамасы. Тараптар инновациялық экономиканың, оның ішінде жасампаз экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білікті кадрларды бірлесіп дайындайтын болады. Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай міндеттерді өз Жолдауында қойды.