Экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін арнайы сайт құрылды

Экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін арнайы сайт құрылды

Қазақстанда экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін арнайы веб-сайт құрылды. Осылайша бизнеске арналған нұсқаулық кәсіпкерлерді ескерту үшін Ресей мен Беларусь мемлекетіне экспорт пен импортқа тыйым салынған тауарлардың тізімі мен санкциялық шектеулерді жариялады.

«Ресей мен Беларуське қарсы бірқатар ел санкциялар енгізген кезде кәсіпкерлерде «қандай да бір өнім немесе банк санкцияларға ұшырай ма?» деген сияқты түрлі сұрақтар туындады. Бұл аталған елдерге қазақстандық өнімдердің экспортына ғана байланысты емес. Өздеріңіз білетіндей, біз бүкіл әлеммен еркін сауда жасаймыз. Ал біртұтас еуразиялық кедендік кеңістік арқасында тауар өткізу ағыны барынша жеңілдетілген. Сондай-ақ Қазақстан арқылы Ресей мен Беларусь елдеріне бағытталған тауарлар да көптеп келеді. Ал біздің ендігі міндетіміз – кері экспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің «назарына» түсіп қалмау», – деп жазды еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.

Сондай-ақ бұл платформада екі елдің нарығынан кетуге шешім қабылдаған халықаралық компаниялардың тізімі де жарияланған. «Барлық ақпарат мемлекет үкіметтерінің ресми сайттарынан алынған. Сонымен қатар жаңа деректер пайда болған сайын сайттағы мәлімет те жаңартылады», – деді министр.