Қазақстанда интернет сауда қарқынды дамып келеді

Қазақстанда Е-commerce қарқынды дамып келеді. Тек 2020 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек онлайн сауда нарығы жарты триллион теңгеден асты. Сарапшылардың пікірінше, электрондық коммерцияның өсуіне пандемия себеп болды. Егер бір жыл бұрын көптеген кәсіпкер үшін онлайн сауда табыстың басты көзі ретінде қаралмаса, қатаң карантиндік шектеулерден кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Дегенмен онлайн платформалары бар дүкендер дағдарысты оңай өткерді.

Анар Сейітжан, дизайнер:

- Әрине, пандемия басталған кезде аздап қорқыныш болды. Себебі пайданың көзі бутиктерден келіп түсетін. Сондықтан біз сауда жасаудың жаңа жолдарын, нақтырақ айтсам, онлайн саудаға күш сала бастадық. Тікелей логистикалық компаниялармен, курьерлік қызметтермен жұмыс істедік.

«Өткен локдаунның салдары әлі де fashion салаға тиюде», – дейді Халықаралық логистикалық компания филиалының басшысы Рамиля Ахметова. Себебі дәл осы салада тасымалдау құнының артуы тауардың түпкілікті құнына әсер етеді.

Рамиля Ахметова, Халықаралық логистикалық компания филиалының басшысы:

- Нарықта сән индустриясы зардап шекті. Себебі Қытайдан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен әкелінген барлық тауар тауарлардың түпкілікті құнына қатты әсер етті. Басымдық, сегменттер өзгерді, егер сән сегменті әрдайым айналымда болса, қазір тауар көлемі ондай үлкен емес. Әрине, нарық қайта бағдарланды.

Айтылған болжам бойынша, электрондық коммерция 2021 жылы да қарқынды дамиды. Оған нарыққа жаңа кәсіпкерлердің келуі ықпал етеді. Сонымен қатар қолданыстағы сауда алаңдары да кеңейеді.