2022 жылы елімізде әуе көлігін таңдаушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Алдын ала мәлімет бойынша, жыл соңында бұл көрсеткіш 10,8 млн-ға жетеді деген болжам бар. Осылайша, жолаушылар тасымалы 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ке артқан. Ал 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары көрсеткіштер тіркелді. Жалпы отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша 7 млн ​​жолаушы тасымалдаған. Ал халықаралық бағыттар бойынша шамамен 3 млн адамға қызмет көрсетілген.