Қазақстандықтар Бакуде өткен халықаралық фестивальде топ жарды

Қазақстандықтар Бакуде өткен халықаралық фестивальде топ жарды

Бакуде  үшінші рет өткізілген «STEAM Azerbaijan 2023» халықаралық фестивалінде 6 қазақстандық команда үздіктер қатарына кірді. Ел намысын 8-17 жас аралығындағы балалар қорғады. Фестиваль қатысушылары «Robokids», «Болашақ инженерлері», «Мехатроника», «Боат жарысы», «Хакатон», «VEX робототехникасы» және т.б. пәндер бойынша сайысқа түсті. Оған барлығы 11 мемлекет, атап айтқанда, Чехия, Нидерланды, Словакия, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Қазақстан, Әзербайжан елдерінен 293 қатысты. Айта кетсек, шараның басты мақсаты – цифрлық білім деңгейін арттыру, XXI ғасырда аса керек біліктілікті оқушылар мен студенттер арасында дамыту. Одан бөлек, бұндай жарыстар инновация мен цифрландыру салаларындағы халықаралық тәжірибені меңгеруге көмектеседі дейді ұйымдастырушылар.