Суперкомпьютер ауа райын дәл болжауға көмектеседі
Елдегі ауа райын енді суперкомпьютер болжайды. «Қазгидромет» жаңа жүйені іске қосты. Тың технология климаттық жағдайды 80 пайызға дейін дәлдікпен анықтай алады. Техниканың қуаты 560 есептеуіш ядродан тұрады. Ол үш сағат ішінде алдағы 36 сағаттың күн-райын есептей алады. Жаңа жүйенің жұмысы мен тиімділігі туралы тілші тарқатсын.

