Жүсіпбек Аймауытовтың зерттелмеген «Әзір өлмеймін» атты туындысы табылды

Жәдігер Қазақстан Президенті мұрағаты жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде анықталды. Алда филологтар мен әдебиеттанушылар рухани қазынаны толығымен саралауы тиіс. Еске сала кетейік, Жүсіпбек Аймауытов – қазақ тіліндегі драма мен романның негізін салушы, ғалым, ағартушы, педагог, психолог. Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрамында болды. Ол Александр Пушкиннің, Лев Толстойдың, Максим Горькийдің, Мопассанның, Шекспирдің, Гюгоның, Тагордың және басқа да атақты әлемге танымал авторлардың шығармаларын тәржімалаған.