Қазақстандық «Шырақ» мультфильмі шетелдік фестивальдердің шорт-тізіміне кірді

Қазақстандық «Шырақ» мультфильмі шетелдік фестивальдердің шорт-тізіміне кірді

Қазақстандық «Шырақ» мультфильмі шетелдік фестивальдердің шорт-тізіміне кірді. Оның ішінде, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея мен Италияны атап өтуге болады. 24 минутқа созылатын лентада адамдардан қорқатын шырақ шам туралы баяндалады. Алайда, ол өз досы үшін қандай да болсын кедергілермен күресуге дайын. Фильм авторларының айтуынша, басты мақсат отбасылық құндылықтардың маңыздылығын көрсету, сондықтан картинаның сюжеті көрерменнің жүрегін жаулаған. Айта кетейік, отандық мультипликаторлар бірден 2D-анимация мен заманауи 3D-графиканы бірге қолданған.