Атаулы әлеуметтік көмекке 132,9 млрд теңге бөлінеді

Атаулы әлеуметтік көмекке 132,9 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігі жіберген ресми сауалға осындай жауап қайтарған. Сонымен, бірінші мамырдағы жағдай бойынша мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек 43 мың 400-і отбасыға көрсетілген. Яғни, 232 мың 500 адамға. Енді жыл соңына дейін бұл мақсатқа 132,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Аталулы әлеуметтік көмектің мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесіп, отбасы мүшесінің біреуі жұмысқа тұрғанға дейін қаржылай қолдау көрсету. 6 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға әрбіріне 1,5 айлық есептік көрсеткіште жәрдемақы тағайындалады. Жаңа есепке сәйкес, жыл соңына дейін мектеп жасына дейінгі 74 мың бала үшін үлестіруге 1,4 млрд теңге қарастырылған. Толық ақпараттарды egov.kz сайтынан білуге болады. 2025 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда кедейлік шегі аймақтық орташа табыстың 35%-ына тең.