Қола дәуірінен жеткен жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады

Қола дәуірінен жеткен жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады

Қостанай облысындағы Андронов мәдениетінің бірегей қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жаңа артефактілер тамыз айының соңында өтетін халықаралық көне технологиялар мен мәдени коммуникациялар фестивалінде қойылады. Қазір қазба жұмыстары Новоильинов елді мекені маңында жалғасып жатыр. Археологтардың пікірінше, қорымдардан көне Батыс Еуропа мен дала тайпаларының ұтқыр  амалдарын растайтын дәлел-айғақтар табылған. Мәселен, ежелгі қола дәуірінде жылқының қолға үйретілгені анықталып отыр. Бұған зираттардан табылған жүгеннің сынықтары дәлел.

Эмма Усманова, археолог:

– Мұнда ерекше ою-өрнекті әшекей табылды. Ол Лисаков мұражайында сақтаулы. Мен оны Сербиядан әкелінген мүсіндерге ұқсаттым. Қола дәуіріндегі Балқан қоласымен жасалған. Яғни, бұл алқаны көне замандағы әйел-құдайлардың мүсіндеріне іліп қойған. Айтпағымыз, бұл қорым басқа да терең байланысты бекітуі мүмкін. Қола дәуіріндегі тайпалардың зердесін көрсететін жаһандық коммуникациялардың болғанын айғақтайды. Бұл зиратты ерекше ететін де осы.

Қазақстандық зерттеушілермен бірге Ресей ғалымдары қорымда зерттеу жүргізуде. Артем Якимовтың жұмысы топыраққа қарап, қорымдардың жасын анықтауға негізделеді. 

Артем Якимов, жер криосферасы институтының жетекші ғылыми қызметкері, Ресей:

–  Бұл қорымның ерекшелігі мұнда әртүрлі дәуірдегі қорғандар бар. Сондықтан бұл біз үшін үлкен жетістік. Өйткені, кем дегенде осы аймақтағы тізбекті қалпына келтіре аламыз. Мәселен, шартты түрде бұл жерде қола дәуірі, ерте темір дәуірі, орта ғасыр деп, ол кезде қандай өзгерістер болғанын айта аламыз. Және біздің заманымызға дейінгі динамикасын бақылауға болады.