Көктемде 255 елді мекенді су басуы мүмкін

Қазақстанда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам тұрғыны бар 255 еді-мекен топан судың астында қалуы мүмкін. Ел Үкіметі қауырт маусымға дайындықты пысықтады. Әсіресе, оңтүстік аймақтарда бұл мәселе аса күрделі болмақ. Елдің шығысыда сақ болуы керек. Синоптиктер бұл өңірлерде наурыз айында ауа райы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжап отыр. Төтенше жағдайлар министрі «табиғаттың тылсым мінезіне ерте қамдандық, тиісті мекемелер, құқтқару қызметтері мен арнайы техника сақадай сай» деп сендірді. Алдын-алу жұмыстары қыза түсті. Елді мекендерде Уақытша бөгендер тұрғызылған. Миллиондаған текше метр қар сыртқа шығарылып, мыңдаған шақырым арықтар мен су өткізу құрылыстары тазартылды.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Төтенше жағдай министрілігі, мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп «Көктем-2023» республикалық оқу-жаттығу шаралары шеңберінде тасқын қаупі туындаған жағдайда нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтасын, жарылғыш заттар мен инертті материалдардың қажетті қорын дайындап, хабарландыру жүйелерінің дайындығын тексерсін. Қосымша күштер мен құралдар орналасатын жерлерді, эвакуацияланатын халықты қабылдау пункттерін және ауыл шаруашылығы жануарларын көшіру үшін қауіпсіз учаскелерді анықтау қажет.