Ақтаудың әлеуеті артады
Ақтауда алдағы жылы ауыз судан тапшылық болмайды. Орталық коммукациялар
қызметінде өткен Маңғыстау облысының әкімі өңірдің түйіткілді мәселелерін қалай
шешетінін айтты. Алдымен ауыз суды бір қалыпқа келтіру үшін 10 ірі жоба қолға
алынған. Яғни, су айдайтын насостар мен тұщыту зауыттары салынады. Облыстағы
әлеуметтік һәм экономикалық салалардың да даму қарқыны жақсы.

