Қаңтар оқиғасы: ұсталғандардың көбісі ұрлық фактісімен сотталған

Қаңтар оқиғасы: ұсталғандардың көбісі ұрлық фактісімен сотталған

107 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау актілерімен аяқталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде айтты.

«Ішкі істер органдары тергеушілері тарапынан қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері 11, оларды ұрлау 7 және өзге қылмыстар құрайды», – деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Департамент бастығының айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілген.

«Елімізде жеке басы және жасаған қылмыс ауырлығы ескеріле отырып 52 адам сотталды. Олардың 39-ының бас бостандығы шектеліп, 13-і бас бостандығынан айырылды, ал 2 адамға қатысты іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», – деді Санжар Әділов.