Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтайды. Бұл
туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Онда Мемлекет басшысы журналистердің Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда
«Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып жатқанын айтыпты.
Мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны және мемлекеттік жүйені
түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді ақпарат
кеңістігінде жариялау кезінде жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік
пен жасампаздық тұрғысынан қарау қажеттігін айтты. Заңды құрметтеу арқылы
тәуелсіздігімізді қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін жеткізді. Бүгінде
Қазақстанда ресми 5062 БАҚ тіркелген. Соның 1932-сі газет болса, 1149-ы журнал.

