Күлтегін жыры 14 тілге аударылды

Күлтегін жыры 14 тілге аударылды

Күллі түркінің даңқты қолбасшысы Күлтегінге арналған мәтіндер жинағы әлемнің 14 тіліне аударылды. Еңбек ағылшын, корей, қырғыз, әзербайжан, моңғол, неміс, татар, қытай, француз  және басқа да тілдерде жарық көрді. Жинаққа Күлтегін кешеніне қатысты тың ғылыми мәліметтер, мұрағаттағы тарихи құжаттар мен фото­суреттер, кешеннің сызба жаңғыртпасы секілді бірқатар мағлұматтар жүйеленіп енгізілді.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

– Бұның ерекшелігі көне түркі заманындағы ұғымдардың бүгінгі әдеби тілдің қолданымындағы тілдегі түсінігін жеткізеді. Яғни арада 8-ші ғасырдан бергі дүниемен алтын көпір болып отыр. Мәдени мұра, рухани жаңғыру деп жатырмыз. Бүгінгі Жаңа Қазақстанға еңбек ететін құндылығына жарайтын және оның темірқазығы болатын бағалы кітаптардың бірі болғалы отыр.