Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі өсуде

Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі өсуде

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі артып келеді. Ranking.kz порталының мәліметінше, елімізде төлем карталары бойынша жалпы айналымның 10 теңгесінің 8-і онлайн аударым бойынша жүзеге асырылған. Өткен жылы Қазақстанда төлем карталары арқылы есеп айырысу көлемі 64 трлн теңгеден асты. Салыстырмалы түрде 2020 жылмен алып қарағанда 2 есеге артық. Оның дені интернет пен ұялы телефонға тиесілі. Бұл ретте ел тұрғындары POS-терминалдар арқылы 10 трлн 700 млрд ұлттық валютаны қолма-қол ақшаға айналдырды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева