ЖАҢА МАУСЫМ. Таза қала. Бірінші бөлім. Астананың шынайы келбеті

ЖАҢА МАУСЫМ. Таза қала. Бірінші бөлім. Астананың шынайы келбеті

«Таза қала» бағдарламасы тағы да көрерменге жол тартты. Биыл өндіріс ошағына айналған шағын шаһарларды аралап, тұрғындардың сын-пікірін білеміз. Астана - заманауи сән мен қазақи сымбат үйлесім тапқан қала. Сарыарқа төсінде бой көтерген елордамызда әлемдік өркениетті табыстырған кешендер мен теңдессіз ғимарат көп. Ал, қаланы айнала қоршаған жасыл белдеу, оны шаң мен дауылдан қорғап тұр. Соның арқасында қазір бас қаламызда қар мен тұман мөлшері де бірнеше есе азайған. Дегенмен бұл бас қалада экологиялық мәселе жоқ дегенді білдірмейді. Астанада жұмыс істемейтін қоғамдық дәретханалар неге көп? Қала тұрғындары неліктен «Оң жағалауды біреу келгенде ғана тазалайды» деген пікірде? Осы шығарылымда айтамыз!