Оралда сарбаздар дауыс берді

Ел аймақтарындағы кейбір референдум учаскелері таңғы 06:00-ден бастап ашылды. Олардың ішінде әскери бөлімдер бар. Сап түзеген сарбаздардың арасында тілшіміз Біржан Амангелді де болды.

Орал қаласындағы №479 референдум учаскесінде Ұлттық ұлан батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің 400-ге жуық сарбазы ала таңнан таңдау жасап жатыр.