Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы
Астанада «Құснихат: Орталық Азиядағы ислам каллиграфиясы»
атты көрме ашылды. Оған графикалық жазу өнері шеберлерінің 30-ға жуық туындысы
қойылған. Елордаға жеткізілген құнды жәдігерлер қатарында имам Аль-Бухаридің
сиясауыты, «Омар ибн Хаттабтың қаны тамған» Құран кітабының көшірмесі және
Мұхаммед саллаллаху ғалейхи уассалам пайғамбардың Византия императоры мен
Бахрейн короліне жазған хаттарының көшірмелері бар. Бұдан бөлек, Орта Азиядағы
жазу өнерімен айналысып жүрген шеберлердің туындылары да қойылған. Негізгі
мақсат – ұмыт болған өнерді насихаттау, каллиграфия жазуын дәріптеу. Айтпақшы,
көрме ел тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Үш күнге жалғасады.
Кіру ақысы тегін.

