Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертеді
Түркия билігі «Орталық Азия» орнына – «Түркістан» терминін
пайдаланбақ. Білім министрлігі оқу бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіп
жатыр. Ал, Режеп Тайып Ердоған бұл әдіс түркі әлемінің бірлігі үшін маңызды
дейді. Бірақ, қоғам өкілдері бұны саясиландырудың қажеті жоқ деп отыр. Түркия
оқу бағдарламасындағы тарих пәнін түбегейлі өзгертуге кірісті. Соның бір
тармағы терминдерге қатысты. Мәселен, бұған дейін әлемнің географиялық һәм
саяси картасында Орталық Азия деп жазылып келген өңір енді Түркістан деп
аталады. Түрік сарапшылары бұл тұтас түркі әлемі үшін айтулы жаңалық дейді.
Режеп Тайып Ердоған да бұған дейін түркі жұртының бірлігін өз сөздеріне жиі
арқау ететін.

