Өсімдік шаруашылығындағы биотехнология

Адамзаттың терімшіліктен егіншілікке, аңшылықтан мал шаруашылығына көшкеніне шамамен он мың жылдай уақыт болды. Ал қазіргі күні ауыл шаруашылығының жаңа кезеңіне өтіп жатырмыз. Шаруалар өздерінің егістік алқаптарын кеңейте алмайтыны белгілі. Ал ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жыл сайын артып келеді. Осы орайда еңбек адамдары өздеріне тиесілі жер аумағынан алынатын өнімнің санын арттыру мәселесін қарастыруда. Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығында жаңа әдіс ұтымды қолданылуда. Ол - генетикалық модификация деп аталады.