Отандық IT өнім 13 елге тарады
Жап-жас жерлесіміздің IT өнімі арқылы 13 мемлекетте 1 миллионнан астам бала білім алып жатыр. Смартфондағы платформа балғындарға IT- бағдарламалау негізін үйретеді. Тіпті, бұл қосымша Оңтүстік Корея, Түркия, Сауд Арабиясындағы мектеп бағдарламасына енген. Осылайша жерлесіміз болашақ IT мамандарын оқытатын өз өнімін өзге елдерге жыл сайын 8 млн долларға экспорттап отыр.