Отандық машина жасау саласында өсім бар

Отандық машина жасау саласында өсім бар

Отандық машина жасау саласында өсім бар. Премьер-министр Машина жасаушылар одағының басшысымен саланың жай-күйі, сыртқы факторлардың әсері жағдайында алда тұрған міндеттер мен даму перспективаларын талқылады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша темір жол машинасын жасау 300%, ауыл шаруашылығы машинасын жасау 50,4%, тау-кен металлургиясы машинасын жасау 30%-ке жуық, автомобиль өндірісі 24% өсім көрсетті.

Мейрам Пішембаевтың мәліметінше, былтыр импорттың жалпы көлемі $41 млрд құрады, оның ішінде $17 млрд отандық машина жасау өнімдеріне тиесілі. Осы ретте импортты жергілікті өндіріспен алмастыру экспортқа шығу үшін өте өзекті. Әлихан Смайылов Үкімет саланы ынталандыру жұмысын одан әрі жалғастыратынын атап өтті.