Отбасы банктің «Корпоративтік» бағдарламасы баспана алуға көмектеседі
Елде жұмысшы мамандардың өз баспанасын алуына мол
мүмкіндік ұсынылып отыр. Оның қатарында Отбасы банкінің «Корпоративтік» деп
аталатын арнайы бағдарламасы да бар. Бұл жоба арқылы жүздеген қазақстандық
басыбайлы пәтерін алды. Жобаны іске асыру үшін кәсіпорындар жалпы сомасы 5
миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл ретте Отбасы банк «Бәйтерек»
холдингінің құрамына кіреді.

