Өзбекстан. Марғұланның жібек матасы
Бүгін Өзбекстанның шығысына, яғни Ферғана алқабындағы ең ежелгі шахардың бірі Марғұлан елдімекеніне саяхат жасаймыз.
Бұл өлке ежелден бері күллі Орта Азияға өзінің сапалы жібегімен атақты.Ұлы Жібек Жолы дәуірінде сауда керуендері осы Марғұлан жібегін Қашқарға, Бағдатқа, тіпті Грекияға дейін жөнелтіп отырған екен.
Жалпы Орта Азияда жібек кәсібі екінші мыңжылдықта пайда болды. Міне содан бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің дамуын еш тоқтатқан жоқ. Әрі оны өндірудің ескі әдісін де сақтап қалған.