Өзбекстанда қауын-қарбыз экспорты 5 есе өскен

Қазақстан өзбекстандық қауын мен қарбызды импорттайтын негізгі елге айналды. Көрші мемлекеттің статистика комитетінің ақпаратына  сәйкес, жарты жылда Өзбекстан диқандары әлемнің 14 еліне құны 7,4 млн доллар болатын бақша дақылдарын экспорттаған. Сыртқа саудаланған тауар көлемі 22,8 мың тонна болса, соның жартысына жуығын қазақстандықтар сатып алған. Қауын мен қарбыздың экспорты өткен жылмен салыстырғанда 5 есе өскен.