Параг Ханна: Болашаққа беттеген Азия

Cаясаттанушы, геосаяси мәселелер жөніндегі сарапшы, бірнеше әлемдік бестселлердің авторы Параг Ханна IMPACTFUL бағдарламасының бұл шығарылымында коронавирус пандемиясының әлемдік геосаяси құрылымға қандай әсер тигізгені жөнінде сөз қозғайды. Ханна мырзаның ойынша, пандемия кезінде әлемнің үш түрлі аймақтық тартылыс күші, Солтүстік Америка, Еуропа және Азияның ішкі интеграциясы  күшейе түспек.

Параг Ханна Қазақстан, Әзербайжан, Канада, АҚШ, Бразилия сынды елдердің үкіметтерінде жаһандық стратегия мәселелері жөніндегі кеңесші қызметін атқарды, Esquire журналының нұсқасы бойынша «ХХІ ғасырдағы ең ықпалды 75 адамның бірі» атанды.