Паралимпиаданың шаңғы жарысында қазақстандық спортшы бесінші болып келді

Паралимпиаданың шаңғы жарысында қазақстандық спортшы бесінші болып келді

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Александр Герлиц шаңғы жарысында бесінші орыннан көрінді. Отандасымыз еркін стильдегі спринтті 3 минут 13 секундта аяқтады. Бірінші болып келген француз Бенджамин Давиеттен озу үшін 5,5 секунд жетпей қалған. Үшінші орынды украиналық Григорий Вовчинский иеленді.

Еске салайық, Александр Герлиц – Қазақстан қоржынына алғашқы медаль әкелген спортшы. Ол биатлон жарысында 10 шақырым қашықтықта өнер көрсетіп, қола медальге ие болды.