Павлодарда «MamandyqFest» фестивалі өтті
Өзіңізге ұнайтын мамандықты қалай таңдап, іскерлік білімді қайдан алуға болады? Бұл сұрақтарға бүгін Павлодарда жүздеген оқушылар мен түлектер жауап іздеді. Мұнда «MamandyqFest» фестивалі өтті. Жастар жаңа мүмкіндіктерді талқылап өз ойларын ортаға салды.
Техника, аспаздық, IT, энергетика тіпті робототехника — мұның
бәрін көріп қана қоймай, өз қолыңызбен ұстап көруге болады. Mamandyqfest
фестивалі мамандық таңдаудың нағыз алаңы болды. Әр колледж ұжымы таң қалдыруға,
шабыттандыруға және көзге түсуге тырысты. Сондай-ақ, мұнда қарапайым
жұмысшыларда қатысты. Павлодардағы ірі өнеркәсіптің инженер-технологы келді.

