Перизат Қайраттың дүние-мүлкі аукционға шығарылады

Перизат Қайраттың дүние-мүлкі аукционға шығарылады

«Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында айтты. Агенттік өкілі қор есепшотына түскен қаражатты Перизат Қайраттың өзі ғана иемденгенін, талан-таражға салған басқа тұлғалар анықталмағанын айтты.