Пойызбен жүретін жолаушылар саны азайып келеді

Пойызбен жүретін жолаушылар саны азайып келеді

Қазақстандықтар пойызбен қатынауды азайтқан. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы барлық көлік түрімен шамамен 2 млрд жолаушы тасымалданған, жалпы 1,5 трлн теңге табыс түскен. Жолаушылар әсіресе Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы, Түркістан облыстарында ең көп болған. Елде әлі де автобус, троллейбус және таксимен қатынайтындар көп. Ал ұшақпен 15 млн 400 мың адам қатынаған. Осылайша әуе компаниялары 918,1 млрд теңге табыс тапқан. Теміржолда 19,4 млн жолаушы сапарлаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға аз. Сәйкесінше түсімі де азайғаны байқалады. Ішкі су көліктерін 253 мың жолаушы пайдаланған.