Пойыздарды жасанды интеллект басқарады
Енді еліміздегі пойыздарды жасанды интеллект басқарады.
Смарт жүйе теміржол бағыттарын, ауа-райын, жолға кететін уақытты алдын ала
есептеп, пойыздың кешікпей жетуін қамтамасыз етеді. Әзірге бірегей платформа
жүргізушінің орнын ауыстыра алмайды. Дегенмен, теміржол қызметкерлерінің
жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп, жолаушылар қауіпсіздігін қадағалап отырады.
Жақында дәл осындай жүйе Транскаспий бағытына да енгізілмек.

