Президент Алматының жаңа әкімін қабылдады

Президент Алматының жаңа әкімін қабылдады

Бүгін мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді. 51 жастағы Дархан Сатыбалды 24 мамырдан Алматыға әкім болып келген. Бұған дейін ол 3 жылға жуық Түркістан облысының әкімі болып отырды. Ал, 2022 жылдан бастап Алматыға 55 жастағы Ерболат Досаев жетекшілік еткен еді.