Президент Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады

Президент Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады

Бүгін мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел президенттерінің былтыр Қазақстан мен Арменияға жасаған сапарлары өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға айтарлықтай серпін берді деді. Қазір Қазақстан мен Армения «Бейбітшілік туралы келісім жобасы» бойынша келіссөздерді аяқтаған. Бұл Армения мен Әзербайжан арасындағы ахуалды реттеуге негіз болып, аймақтың Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығын белсенді түрде дамытуға, сондай-ақ қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланысты ілгерілету перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерінің Арменияға тауар тасымалын 350 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін жеткізді.