Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрін қабылдады. Фейсал бен Фархан Әл Сауд Қазақстанға ресми сапармен келді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб және ислам әлеміндегі басты серіктесінің бірі екенін атап өтті. Онымен қоса, Президент еліміздегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы инвестициялық мүмкіндіктердің бар екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қоc елдің үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандырудың маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің басшысы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстандағы референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Елдеріміз ортақ құндылықтарға негізделген саяси диалогты достық пен өзара сенім рухында дәйекті түрде дамыта береді. Қос киенің сақшысы Король Салман бен Әбдел Әзизбен және Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен арадағы табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенімізді білдіремін

Фейсал Бен Фархан әл Сауд, Сауд Арабиясы Королдігінің сырты істер министрі:

– Сауд Арабиясы Корольдігі Сіздің басшылығыңызбен Екінші Республиканы құру ісінде және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне бағытталған ауқымды реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруда табыс тілейді.